• 29.03.2024

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

Авторkaznai

Apr 8, 2022

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті «Жас Отан. Жастар қанатының» және т.ғ.д., профессор Х.Хабиев атындағы Қоғамдық қор қолдауымен 2022 жыдың 4-7 сәуір аралығында дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында республикалық байқау өткізген болатын. Аталған байқауға қатысқан «Медиажурналистика» мамандығының 1 курс студенті Мұсабекова Аружанның «Түркілердің әскери өнері: қазақ киносының жаңа белесі» атты баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Байқау қорытындысы бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменейдің арнайы жүлдесіне ие болды. Аружанға алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз! Ғылыми жетекшісі «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының PhD докторы А.А. Нурмухамбетов.

Приемная комиссия