Қазақ театр педагогикасының негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі, профессор Асқар Тоқпановтың туғанына 110 жыл толуына орай 28–29 қараша күндері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Қазақ театр педагогикасы және қазіргі білім беру саласындағы жаңа үрдістер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Іс шара аясында Өзбекстан мемлекетінен келген PhD, доцент Исмоилов Анвар Хамдамжонович және Қырғызстан мемлекетінен келген Өнертану кандидаты, профессор Кулмамбетов Жаныш Осмонович факультет білім алушыларына шеберлік сағатын өткізді.
Студенттер үшін бұл – жаңа білім, жаңа көзқарас және халықаралық тәжірибемен танысуға берілген үлкен мүмкіндік болды.












