Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына орай Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұйымдастырған ауқымды іс-шара оқу ордасы алдындағы тұлға ескерткішіне гүл қою рәсімінен бастау алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Академия ректоры Арман Жүдебаев қазақ театр өнерінің корифейі – Асқар Токпановтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Еске алу күрделі жөндеуден өткен Оқу театрына Асқар Токпановтың есімін беру салтанатына ұласты. Лента қию рәсіміне зиялы қауым өкілдері мен өнер қайраткерлері қатысты. Бұл игі іс-шаралар ұлт театрының алып тұлғасына көрсетілген зор құрметтің белгісі.








