Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ақын, драматург, әнші әрі сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ғасырдан асқан сағыныш» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Кеште көрермен ақынның шығармашылық мұрасымен танысты. Сахнада туған жерге деген сүйіспеншілікті, қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен рухани дәстүрлерін арқау еткен өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Іс-шараға ақынның туған-туыстары мен жақындары, қоғам қайраткерлері, академия оқытушылары мен студенттері қатысты.
Әр буын өкілдерінің басын қосқан кеш Бәкір Тәжібаевтың әдеби және музыкалық мұрасын сақтауға, оны жас ұрпаққа кеңінен танытуға арналды.







