2026 жылдың 10 сәуір күні, сағат 16:00-де Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейіне қарасты Орталық көрме залында «BAIKONUR+07 – Сан мен сана өнер кеңістігінде» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.
Биыл жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған «BAIKONUR» жобасы өз ауқымын кеңейтіп, республикалық деңгейге көтерілді. Бұл іс-шараның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауымен тұспа-тұс келуі көрменің қоғамдық және мәдени маңызын арттыра түсті.
Көрме экспозициясында ұсынылатын жұмыстарда заманауи суретшілердің цифрлық өркениет, технологиялық прогресс және адам болмысының өзгеруі туралы философиялық әрі эстетикалық көзқарастары бейнелеу өнерінің әртүрлі формалары арқылы көрініс табады.
Барша өнерсүйер қауымды жаңа дәуір шығармашылығымен танысуға шақырамыз!







