• 30.06.2024

БАКУДЕГІ БАС ЖҮЛДЕ

Авторkaznai

May 30, 2024

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында ТҮРКСОЙ Халықаралық  ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған «Түркі әлемі» студенттік театр фестивалінде БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды.

Халықаралық студенттік театр фестиваліне Қазақстаннан бөлек Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қырғыз Республикаларының шығармашылық білім беретін ЖОО-рынан студенттік топтар қатысқан.

Академиямыздың «Театр өнері» факультетінің студенттері халықаралық байқауға Федерико Лорканың «Бернарда Альбаның үйі» қойылымымен қатысып, үздік деп танылды.

Жеңімпаздарды  құттықтаймыз! Әрдайым биіктен көріне беріңіздер!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия