Цифрлық және қаржылай сауаттылықты арттыруға арналған семинар
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлім ҚР Ұлттық банкінің Антифрод-орталығымен бірлесе семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты – студенттердің цифрлық және қаржылай сауатын арттыру.
Сондай-ақ семинар студенттерге күн сайын түрленіп жатқан алаяқтықты дер кезінде тану, тұлғаның жеке деректері мен қаражатын қорғауға, оны басқару дағдыларын қалыптастыруға қатысты маңызды мәселелерді қамтыды.
Іс-шара соңында мамандар жиналған жастардың сұрақтарына жауап беріп, ашық әңгіме өткізді. Мұндай дәрістер жастар арасындағы қаржылай сауаттылық деңгейін едәуір арттырады. Сонымен қатар алдағы уақытта оңтайлы шешімдер қабылдауға көмектеседі.