2026 жылғы 17 сәуір күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Дарынды сценограф» байқауы өтті. Іс-шара сценография саласында өзін жүзеге асыруға және шығармашылық идеяларын көрсетуге ұмтылған дарынды жастарды біріктірді.
Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды жастарды анықтау, жас сценографтардың шығармашылық қабілеттерін қолдау, Қазақстандағы сценография өнерін насихаттау, сондай-ақ инновациялық бағыттарды дамыту және кәсіби ортада тәжірибе мен білім алмасу.
«Дарынды сценограф» сайысына қатысушылар өздерінің бірегейлігімен, креативті тәсілімен және заманауи көркемдік шешімдерімен ерекшеленген жобаларын ұсынды. Қазылар алқасы қатысушылардың дайындық деңгейі және ұсынылған жұмыстары жоғарғы деңгейде екенін атап өтті.
«Дарынды сценограф» байқауы талапкерлердің қабілетін ашуға маңызды алаңға айналып, Қазақстандағы заманауи сценография өнерінің дамуына елеулі үлес қосты.
Байқау қорытындысы бойынша «Мультимедиалық сценография» және «Театр, кино және ТВ гримі» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар жоғары шеберлік деңгейін, кәсібилігін және өзгеше көркемдік ойлауын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
| Аты – жөні | Орындар | Номинациялар |
| Киргинцева Полина | 1 орын | Театр, кино және ТД гримі |
| Төлеу Диана | 1 орын | Мультимедиялық сценография |
| Қанатқызы Анель | 2 орын | Театр, кино және ТД гримі |
| Амангельді Лейла | 2 орын | Мультимедиялық сценография |
| Мартакова Ксения | 3 орын | Театр, кино және ТД гримі |
| Бейбiт Аяна | 3 орын | Мультимедиялық сценография |















