ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында болды. Нұртөре Жүсіп Өнер академиясының ұжымымен кездесіп, жиын еркін форматта өтті. Жиында Академия ректоры Арман Жүдебаев атқарылып жатқан жұмыстар, өнер ордасының мәдени бастамалары туралы баяндап берді. Депутат өз кезегінде жоғары оқу орнының қазіргі заманғы отандық мәдениет пен өнерді қалыптастыруда көш бастап тұрғанын атап өтті.
Бұл жүздесудің мақсаты – мәдениет саласындағы өзекті жаңалықтарды, Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды талқылау, еркін пікір алмасу.
Тығыз жұмыс кестесі арасында өткен іс-шарада Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Академия ұжымын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алдағы жаңа жоспарларға сәттілік тіледі.









