Докторантураға түсу кезінде қажетті құжаттар:
- 1) еркін нысандағы өтініш;
- 2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
- 3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);
- 4) шетел азаматтарын қоспағанда, Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
- 5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат: философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсуші тұлғалар үшін:
- 6) 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- 7) көлемі 3×4 сантиметр болатын алты фотосурет;
- 8) шетел азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
- 9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдарының тізімі (бар болған жағдайда), зерттеу жүргізу жоспары және эссе.
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Ағылшын тілін меңгеруі бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик) – шекті балл кемінде 5,0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ) – шекті балл кемінде 35 балл;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – шекті балл кемінде 417 балл;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.
Қосымша тестілеудегі тест тапсырмаларының саны – 100 сұрақ. Ең жоғары балл – 100 балл.
Қосымша тестілеу «жіберілді» немесе «жіберілмеді» нысанында бағаланады. «Жіберілді» деген баға алу үшін кемінде 75 балл жинау қажет.
Қосымша тестілеуді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда ҰТО өткізеді.
Қосымша тестілеуді тапсыру күні, уақыты және орны туралы ақпарат түсушілерге олардың жеке кабинеті арқылы хабарланады.
Қосымша тестілеу нәтижелері тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында көрсетіледі.
Қосымша тестілеу нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі. Сертификат ҰТО сайтында жарияланып, расталады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)) – шекті балл кемінде 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест) – шекті балл кемінде 80;
Неміс тілін меңгеруі бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
Француз тілін меңгеруі бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) – оқу және тыңдау бөлімдері бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В1 деңгейінен төмен емес.
Қосымша ақпарат:
Search
Announcements

07.09.2026



