2023 жыл қаңьар айының 16-17 жұлдызында Академия қабырғасында психологиялық қызметінің ұйымдастыруымен «Эдвайзерлер іс-әрекетін оқу-тәрбие процесінде психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында факультет эдвайзерлеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.
Мақсаты – эдвайзерлер іс-әрекетін оқу-тәрбие процесінде психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Семинар-тренингке академия факультеттерінің эдвайзерлері қатысты. Семинар-тренинг барысында заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу, студенттердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасаудың тиімді жолдары секілді өзекті тақырыптар қозғалды.
Семинар-тренинг жоғары деңгейде өтілді. Семинар-тренинг соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.