• 28.03.2024

«INFINITY» атты II Республикалық байқауы

Авторkaznai

Jan 10, 2023

ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті 2023 жылдың 6 ақпан, 6 наурыз күндері өтетін талапкерлерге арналған «INFINITY» атты II Республикалық байқауға қатысуға шақырады.
Байқаудың негізі мақсаты:

  • «Театр өнері» факультетіне актерлік қабілеті бар дарынды жастарды тарту;
  • «музыкалық театр артисі», «драма театры және кино артисі» білім беру бағдарламалары бойынша қызығушылығы бар жас таланттар иесіне академиямыздың жаңа оқу жылында қандай талаптар қойылатынын ескертіп, талапкерлерге өз бағын сынап көруге мүмкіндік беру;
  • І орын алған байқау лауреаттарына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылындағы қабылдау емтихандарына жеңілдік беріледі, яғни шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл қойылып, тек кешенді тестілеуден ғана өтеді.
  • жастарды қолдау және оларға шығармашылықтарын дамытуға ықпал ету;
  • дарынды жастарды анықтап, марапаттау;
    Байқауға өтінім беру және қатысуға арналған Ереже қосымша беріледі.
    Ұйымдастырушы: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнері» факультеті.
    Жауаптылар: М. Кульсеитова, Б. Кажнабиева
    Байланыс телефондары: 8 727 / 272 99 04 (деканат)
    8 702 268 15 05 (Н. Жаманбаева) Электронды мекен-жай: nuri.zhaiyk@mail.ru

Қатысшу парағы

Конкурс ережесі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия