Эразмус+ бағдарламасы аясындағы тәжірибе алмасу сапары
2025 жылдың 27 қазан мен 4 қараша аралығында Сән және костюм дизайны кафедрасының доценті Бекибаева Г.Д. Эразмус+ бағдарламасы аясындағы «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» жобасы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Румынияның Клуж-Напока қаласында орналасқан Өнер және дизайн университетінде (University of Art and Design in Cluj-Napoca) болды.
Іссапар барысында доцент Бекибаева Г.Д. университеттің оқу үдерісімен, студенттердің шығармашылық жобаларымен және оқу-өндірістік базасымен танысты. Сондай-ақ сән және костюм дизайны бағыты бойынша тәжірибе алмасып, шетелдік әріптестерімен бірлескен оқу және шығармашылық жобаларды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Эразмус+ бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл сапар екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестік байланыстарды дамытуға, студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейтуге және оқу бағдарламаларының сапасын арттыруға бағытталған.





Search
Announcements

03.11.2025




