• 23.12.2024

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары

Авторkaznai

Sep 21, 2022

      19.09.2022 ж. сағат 15.00-де Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі Академияның 2 курс магистранттары мен докторанттарының қатысуымен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес ЖОО кейінгі білім алушылар үшін міндетті компонент болып табылатын зерттеу практикасынан өтуге арналған практикаалды конференциясын өткізді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының басшысы А.А. Кульшанова және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ж. А. Тлеулинова білім алушыларға практиканың мақсаттары мен міндеттері, практикадан өту алгоритмі туралы түсіндірме жүргізді. Магистранттар мен докторанттардың басты назарын зерттеу практикасының нәтижесі бойынша қорғалатын есеп беруге аударды. Конференция барысында магистранттар мен докторанттар зерттеу практикасының негізгі бағыттары бойынша сұрақтарына нақты жауаптар ала алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия