• 22.12.2024

«Қауіпсіз орта»

Авторkaznai

Mar 28, 2022

XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған  университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасының дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Ұсынылған талап таңдалған бағыт бойынша қазіргі түлектің іргелі білімінің болуын ғана емес, сонымен қатар қазіргі экономика талап ететін бірқатар қасиеттердің болуын білдіреді. Олар: бәскеге қабілеттілік, кәсіпкерлік, өз бетінше шешім қабылдау және жауапкершілік.

Дегенмен заманауи маман тұлғасының өзегі оның жоғары руханилығы мен имандылығылығы, отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы, деструктивті мінез-құлыққа тұрақты иммунитеті мен жеке және кәсіби тұрғыдан сәтті әлеуметтену қабілеті болуы тиіс.

Студенттік ортадағы деструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мәселелерін талқылау қазіргі заманғы маман даярлаудың тиісті деңгейін, оның психологиялық тұрақтылығы мен іске асырылуын қамтамасыз ету үшін ЖОО психологиялық қызметтерінің университетаралық өзара іс-қимылының қажеттілігін көрсетеді.

Осыған орай, 2022 жылдың 11 наурызында «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бастамасы бойынша және осы оқу орнының базасында Алматы қаласының «Қауіпсіз орта» ЖОО психологиялық қызметтерінің Үйлестіру кеңесін ұйымдастыру отырысы өткізілді.

Алматы қаласының «Қауіпсіз орта» ЖОО психологиялық қызметтерінің Үйлестіру кеңесін ұйымдастыру отырысына қаладағы жоғарғы оқу орындарыныңы педагог-психологтары, тәрбие бөлімі қызметкерлері қатысты.

Отырыс оффлайн форматта өтті.

Пленарлық отырыста ЖОО-дағы қауіпсіз ортасын қру жөніндегі жұмыс бағыттарымен; «Қауіпсіз орта» Алматы қ. ЖОО психологиялық қызметтерінің үйлестіру кеңесі туралы ереженің және Жоғары мектеп психологының кәсіби стандартының жобалары туралы; Денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі студенттермен жұмыс бойынша шеберлік класы (инклюзив); «Қауіпсіз орта»Алматы қ. ЖОО психологиялық қызметтерінің үйлестіру кеңесінің 2022 ж.арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қарастырылды.

«Қауіпсіз орта» қалалық психологиялық қызметтердің Үйлестіру кеңесі – тәжірибе алмасы, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және Алматы қаласындағы ЖОО психологиялық қызметтері қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган. Алдағы уақыттарда Т.Қ. Жүргенов атындағы «Қазақ Ұлттық өнер академиясы» психологиялық қызметі «Қауіпсіз орта» қалалық психологиялық қызметтердің Үйлестіру кеңесімен бірлесе жұмыс атқарамыз деген сенімдеміз.

Приемная комиссия