• 29.03.2024

«Кино және ТВ» факультетінің студенттері «Жалын» телевизиялық жастар байқауының жеңімпаздары!

Авторkaznai

May 18, 2022

Нұр-Сұлтан қаласында 16 мамыр күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы  ұйымдастырған жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына арналған «Жалын» телевизиялық жастар байқауынан «Кино және ТВ» факультетінің «ТВ режиссурасы» (3 курс, Акчалов Е. Е. шеберханасы) студенттері Амангельдинова Зере Русланқызы мен Оразгелды Анель Аманжолқызы «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша марапатқа ие болды («Бейсен Құранбек» деректі фильмі үшін). 2022 жылғы 15 сәуірден бастап конкурсқа республикалық, аймақтық телеарналардан, ақпараттық агенттік журналистерінен, жоғары оқу орындарының студенттерінен түрлі жанрда 60-қа жуық шығармашылық жұмыс келіп түсті. Телерадиокорпорация тарапынан арнайы құрылған комиссия 4 үміткердің жұмысын үздік деп таныды. Жеңімпаздардың қатарында – біздің академияның студенттері. Үздік шыққан жоба иегерлері 500 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!

Приемная комиссия