5 желтоқсан күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының А. Тоқпанов атындағы оқу театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, пианист, аға оқытушы Еркен Алтынбекұлы Ынтықбаевтың шығармашылық кеші өтті.
Концертке Эстрада оркестрінің аспаптары және Эстрадалық вокал кафедраларының студенттері қатысып, мерейтой иесінің авторлық шығармаларын орындады.
Кеште өнер көрсеткен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медеу Арынбаев, сондай-ақ Рүстем Нұржігіт пен Айбек Мұхамедәлі сынды құрметті қонақтар ерекше шығармашылық атмосфера сыйлады.
Өнер иесінің сахнадағы 40 жылдық шығармашылық жолына арналған іс-шараны Эстрада оркестрінің аспаптары, Арт-менеджмент және продюсерлеу, Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер кафедралары ұйымдастырды.









