• 22.11.2024

Конкурс «Үздік басылым – 2022»

Авторkaznai

Nov 11, 2022

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) үздік монография (жеке автор);

2) үздік оқулық (жеке автор);

3) үздік оқу құралы (жеке автор);

4) Web of Science, Scopus импакт-факторы бар үздік мақала (бірлескен авторлықта)

Конкурстық комиссия арнайы (қосымша) номинациялар белгілеу құқығын өзіне қалдырады.

Конкурсқа академияның штаттық ПОҚ-ы болып табылатын авторлар қатыса алады.

Конкурсқа ұсынылатын әрбір басылым үшін құжаттары бар жеке папка қалыптастырылады:

Қосымша 1. Өтініш үлгісі

Монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары үшін:

1) Өтініш беруші (өтініш берушілер тобы) Академия ректорының атына жазбаша өтініш береді (1-қосымша), онда конкурсқа қатысу туралы баяндайды, жеке қолын (жеке қолдарын) қояды, өтініш берген күнін көрсетеді;

2) Жарияланған оқу басылымы — 1 дана;

3) Ізденушіні кафедра отырысыда ұсынған көшірмесінен үзінді береді. Ол жерде көрсетілуі керек:

  • оқу басылымының мазмұнының пән бағдарламасына сәйкестігі, сұрақтардың толық қамтылуы;
  • пәнаралық байланыстарды қамтамасыз ету;
  • әдістемелік материалды ұсынудың өзіндік ерекшелігі мен қолжетімділігі;
  • студенттердің өзін-өзі бақылау, өзіндік жұмысын қамтамасыз ету, пән бойынша одан әрі тереңдетілген жұмыс үшін материалдардың болуы;
  • ұсынылған материалдарды оқу процесінде пайдалану (оның ішінде білім беру процесіне ҒЗЖ енгізу актісі);
  • ҚР ҒжЖБМ немесе РОӘК (РУМС), ОӘК (УМС) грифтерін беру туралы қорытындының көшірмесі немесе Академияның Ғылыми кеңесі отырысынан үзінді көшірмесі.

Web of Science, Scopus импакт-факторы бар мақалалар үшін:

1. Өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер тобы) сараптама комиссиясының конкурсына қатысуға жазбаша өтiнiш бередi (1-қосымша), онда ол конкурсқа қатысуға өтiнiшiн баяндайды, өзiнiң жеке қолын (қолдарын) қояды, өтінімді беру күнiн және келесі ақпарат тізімін көрсетіп, құжаттарды өткізеді:

2. Түпнұсқа тілдегі жеке немесе бірлескен авторлық (мақала авторлары үшін) жарияланымға (авторлар), жұмыстың атауы, журнал атауы, том, басылым, бет нөмірлері көрсетілген толық ақпарат және оған веб-сілтеме;

3. Журналдың нөлдік емес импакт-факторын растайтын «ҰМҒТСО» (НЦНГТЭ)АҚ ​​сертификаты;

4. Журнал мұқабасының түрлі-түсті көшірмесі және басылған мақала.

Конкурсқа жарияланымның келесі түрлері ұсынылуы мүмкін:

  • Оқулық: кем дегенде 4 б. т.
  • Оқу құралы: кем дегенде 4 б. т.
  • Монография: кем дегенде 6 б. т.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия