
2025 жылдың 23-ші сәуірінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академия кітапханасымен «Сән және костюм дизайны» кафедрасы бірлесіп ұйымдастырған «Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібек: Қазақтың ұлттық киім тарихын зерттеуші және қазақ дәстүрлерін сақтаушы» атты шығармашылық кеш өтеді.
Шығармашылық кеште мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, ұлттық мәдениеттің жанашыры Өзбекәлі Жәнібектің қазақ халқының ұлттық киімі тарихын зерттеудегі рөлі мен ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді жаңғыртудағы еңбегі кеңінен баяндалады.
Деректі жобада тарихи архивтер мен сирек кездесетін фото-бейнематериалдар көрсетіліп, өнертанушылар мен этнографтар, сондай-ақ жас буын өкілдері пікір алмасады. Шығармашылық кешке келген қонақтарӨзбекәлі Жәнібектің қазақ руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін тереңірек танып, ұлттық киім мен әдет-ғұрыптардың түп-тамырына, мән-мағынасына үңілуге мүмкіндік алады.
Шығармашылық кештің мақсаты – ұлттың болмысын ұлықтаған тарихи тұлғаның өмірі мен шығармашылығын жаңа ұрпаққа жеткізу, киім мен салт-дәстүрлердің тарихы арқылы ұлттық санаға қозғау салу.
Кездесуге жергілікті зиялы қауым, мәдениет қайраткерлері мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ ұстаздар мен студенттер қатысады.
Өтетін орны: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы
Мекенжайы:Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127
Басталуы: 23 сәуір 2025 жыл, сағат 11.00
Байланыс нөмірі: 701 476 6010