Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес, 02.12.2025 күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасында 2 курс магистранттарының магистрлік диссертациясының алдын ала қорғауы өтті. Бұл академия тарихында қысқы қабылдау магистранттарының алғашқы бітіру курсы екенін атап өткен жөн.
Алдын ала қорғау магистрлік диссертациялардың дайындық дәрежесін бағалау, жұмыстың мазмұны, құрылымы және ресімделуі бойынша ескертулер мен ұсыныстар беру, магистранттарды қорғауға даярлау мақсатында жүргізілді. Қорғау барысында магистранттар зерттеудің негізгі нәтижелері, жұмыстың жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, диссертацияның құрылымы және негізгі қорытындылары сияқты қорғау алдында жоспарланған пысықтауларын жүзеге асырды.
Алдын ала қорғауға Ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің өкілдері, бітіртуші кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, факультет басшылығы қатысты. Қорытынды бойынша әрбір магистрантқа диссертацияны қорғауға жақсы дайындалу үшін қажетті түзетулер бойынша ұсынымдар берілді.









