23.09.2022 күні кинозалда Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі «Магистрлік диссертацияны ғылыми-зерттеу жұмысының құрамдас бөлігі ретінде құрылымдау» тақырыбында 1-курс магистранттарына арналған әдістемелік семинар өткізді.
Семинар спикерлері – өнертану магистрлері Б.Әбдіқасымов, И.Ардашев өздерінің ғылыми-зерттеу тәжірибелерінің мысалында магистранттарға диссертациялық жұмысты құрылымдаудың негізгі қағидаларын, зерттеушілердің жұмыс жазу кезіндегі кездестіретін проблемаларын көрсете отырып баяндама жасады.
Семинар барысында 1 курс магистранттары спикерлерге сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.