• 19.04.2024

Бүгін Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды әлемдік беделді фестивальдердің жүлдегерлері, «Мерген» қысқаметражды фильмінің режиссері Райымбек Әлжанов пен «Көше ақыны» қысқаметражды фильмінің режиссері Рахым Самғарды қабылдады.

Университет басшысы байрақты байқауда топ жарып, мерейімізді үстем еткен жеңімпаздарымызды құттықтап, арнайы құрмет көрсетті. Бүгінгі таңда оқу орнымыздың мәдениет саласында қол жеткізген биігі туралы сөз қозғап, ілгерілету жолында барынша атсалысатындығын, ендігі меже – алдағы фестивальдерде барлық жағдай жасалатынын атап өтті.

Өз кезегінде жас режиссерлер университет басшысына алғысын білдіріп, ортақ мақсатымыз – академияның иммиджін биіктету жолында аянбай еңбек ететіндерін жеткізді. 

Рахым Самғар – «Кино және ТВ» факультеті, «Кино және ТВ режиссурасы» мамандығының 1 курс магистранты. Жақында Нью-Йорк қаласында өткен «Meihodo» IV жыл сайынғы Халықаралық жастар визуалды медиа фестиваліндегі күміс жүлдесінен соң, Американың Мэриленд штатында өтеті «Annapolis Film Festival»-іне шақырту алды. 

Райымбек Әлжанов – «Кино және ТВ» факультеті, «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының оқытушысы, академияның докторанты. Қытайдың Шэнчжэнь қаласында өткен халықаралық кинофестивальде «Үздік триллер» жүлдесіне қол жеткізген. Бұдан бөлек Канада, Франция, Түркия фестивальдерінде 10-нан астам үздік номинацияларға ие болған. Продюсері – Бану Рамазанова.

Приемная комиссия