Эразмус+ бағдарламасы бойынша Польша Республикасынан Аннетта Синявская – PhD, Яна Мейтейко атындағы Краков қаласындағы Көркемсурет өнер академиясының анимация режиссурасы бағыты бойынша оқытушысы келді.
5–9 мамыр аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кино және телевизия факультетінде, Анимация режиссурасы білім беру бағдарламасы бойынша дәрістер мен шығармашылық кездесулер өткізеді.
Халықаралық байланыстарымыздың артуы – білім мен тәжірибе алмасуға жол ашатын маңызды қадам.
