Қарағанды қаласында ән өнерінің көрнекті өкілі, әнші-композитор Манарбек Ержановтың шығармашылығына арналған дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауы өтті. Өнер додасында қатысушылар дәстүрлі әндерді нақышына келтіре орындап, ұлттық мәдениетімізге деген құрметін танытты
Байқау қорытындысы бойынша Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының студенттері лауреат атанды.
- Абылайұлы Нұртуған – III орын;
- Махан Ерасыл – III орын;
- Алмас Көшкінбаев – арнайы жүлде иегері,
Жас өнерпаздарымызды және ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы шығармашылық жолдары жарқын болып, ұлттық өнерімізді дәріптеудегі жетістіктері еселене берсін дейміз.






