2 мамыр күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Түркі әлемінің үздік педагогы, Жеке ән салу кафедрасының тәжірибелі ұстазы Сапарова Шаһаризаданың шығармашылық жолына 25 жыл толуына арналған «Ән өлке» атты кітабының салтанатты тұсаукесері мен ән кеші ұйымдастырылды.
Кеш барысында еліміздіі әр өңірінен арнайы келген қадірлі қонақтар мен шәкірттер сахна төрінде өнер көрсетіп, ұстазға деген алғысы мен құрметін жүрек жарды әндермен жеткізді. Бұл кеш – өнер мен рухтың, ұстаз бен шәкірт арасындағы терең байланыстың жарқын көрінісіне айналды. Кеш мазмұны мен көркемдік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сахналық қойылымдардан бастап, көрерменмен байланысқа дейінгі әрбір сәт үлкен дайындықпен өтті. Жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласы – соның айқын дәлелі.

