2025 жылғы 14 қазанда Алматы қаласы Полиция департаментінің бастамасымен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттеріне нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес және оның алдын алу тақырыбында арнайы профилактикалық дәріс өтті. Дәрісті Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Сулушаш Досболова жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бойында зиянды әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастыру, жауапкершілігін арттыру және денсаулықты сақтау мәдениетін насихаттау болды.
Академия салауатты әрі саналы өмір салтын қолдауға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру шаралары қоғамдағы қауіпсіздікті дамытуға зор үлес қосады.


