Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Кино және телевизия факультетінің ұстазы Нина Алексеевнаның 80 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті. Кеште мерейтой иесіне жылы лебіздер айтылып, шығармашылық нөмірлер ұсынылды.
1997 жылы Нина Алексеевна Академияда ашылған «Кино және ТВ менеджері» бағытының алғашқы шебері болды. Ол кино және телевизия саласы мамандарын даярлауға арналған алғашқы мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуге атсалысып, отыз жылға жуық ұстаздық қызметінде жүзден астам маман даярлады.
Нина Алексеевнаны мерейтойымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Шәкірттеріңіздің жетістігі қуаныш сыйлай берсін!









