«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында 2024 жылғы 28 қазан мен 1 қараша аралығында тілдік пәндер секциясының оқытушылары «Өнер – ұлттың алтын арқауы» тақырыбында дәстүрлі Тілдер апталығын өткізеді. Тілдер апталығының мақсаты студент жастарды патриотизмге, белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу; халқымыздың мәдениетіне, көрнекті тұлғаларының өмірі мен қызметіне қызығушылығын нығайту және күшейту болын табылады. Тілдер апталығы аясында жоспарланған іс-шаралар кафедраның тәрбие жұмысының басым бағыттарына сәйкес келеді. Іс-шараға барлық факультеттердің қазақ және орыс бөлімдерінің бірінші және екінші курс студенттері қатысады.