• 29.03.2024

«Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық концерті өтті

Авторkaznai

Oct 14, 2022

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 2022 жылғы 01 қазанда Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық концертін өткізді. Іс-шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Н. А. Тогизбаева қатысты.

Концертте Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер», «Хореография», «Театр өнері» факультетінің студенттері өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада академия студенттері «Би шашу», «Нәзік» хореографиялық композицияларын, «Camino» (Жұмағалиева Амина), «Останусь» (Айткешева Жанель), «Жолдар» (Мұқанов Аялан), «Бұл өмірде» (Кеңес Диас), «Ұнайды маған» (Талғатова Еркежан) вокалдық нөмірлерін, «Бипыл» (Таңатарова Айбике, Өтемұратов Жасұлан), «Күй шашу» (Ұлттық аспаптар тобы) халық әндері мен күйлерін орындады.

«Қамқор» әлеуметтік үйінің директоры З. Б. Аппазов студенттерге, Академия ПОҚ-на ұйымдастырылған мерекелік іс-шара үшін, әлеуметтік үйдің қарт тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгендері үшін алғыс білдіріп, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалдыға қарттар үйінің әлеуметтік саласын қолдауға және қайырымдылықты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс хат ұсынды.

Іс-шараға жауаптылар: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі А.Ш. Әлімжанова, аға оқытушылар Қ. Е. Тауенов, М. О. Жұмағұлов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия