
30 сәуір күні, сағат 12:00–13:00 аралығында, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында
магистратура мен докторантураға түсуді жоспарлап жүрген талапкерлермен кездесу өтеді.
Кездесу барысында сіздер:
- Қабылдау талаптары мен ережелерімен таныса аласыз;
- Білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат аласыз;
- Емтихан форматы мен шығармашылық тапсырмалар бойынша кеңес ала аласыз;
- Академия оқытушыларымен және қабылдау комиссиясы өкілдерімен тікелей сұхбаттаса аласыз.
Өтетін орны: Академияның оқу театры
Барлық талапкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз!