Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі қызметі: негізгі орта (7-9-сыныптар мектеп-интернаты), техникалық және кәсіптік (колледж), жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және PhD докторантура) білім беру, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру (бұдан әрі – Білім беру) саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша өнер саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу және үйлестіру.
Орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.
Лауазым: білім беру бағдарламаларының сыртқы сапасын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:
Категория | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы (теңге) | |
– | бастап | дейін |
А 3-1 | 93617 | 114323 |
Негізгі функционалдық міндеттері:
- білім беру бағдарламаларының сапасын сырттай қамтамасыз ету бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты және бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртібін бақылауды жүзеге асырады;
- білім беру бағдарламаларының сапасын сырттай қамтамасыз ету бөлімінің іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және оның орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
- білім беру бағдарламаларының сапасын сырттай қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы туралы жылдық жоспар мен жылдық есепті жасайды, оларды белгіленген тәртіппен белгіленген мерзімдерде келіседі және бекітеді;
- басшылықтың сұрауы бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын сырттай қамтамасыз ету бөлімі қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша талдамалық анықтамалар мен есептер жасайды;
- білім беру бағдарламаларының сапасын сырттай қамтамасыз ету бөлімі туралы ережені әзірлейді және оны өзектендіруді жүргізеді, бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін белгілейді, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша олардың арасындағы міндеттерді бөледі, сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;
- Академиялық мәселелер бойынша қызмет басшысының қарауына білім беру бағдарламаларының сапасын сырттай қамтамасыз ету бөлімі қызметінің жекелеген бағыттарын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- Нұсқаулық және әдістемелік хаттардың, ректордың бұйрықтарының және оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың өкімдерінің уақтылы орындалуына жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден, аккредиттеуден кейінгі мониторингтен өту, халықаралық және ұлттық рейтингтерге қатысу, өзін-өзі бағалау бойынша анықтамалар мен ВЭК есептерінің аудармалары бойынша жобаны жоспарлы-экономикалық бөліммен бірлесіп дайындайды;
- факультеттер мен кафедралардан, сондай-ақ Академияның басқа бөлімшелерінен білім беру бағдарламаларының сапасын сырттай қамтамасыз ету бөлімінің міндеттерін орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады;
- академияда аккредиттеу және рейтинг жөніндегі іс-шараларға қатысты әдістемелік семинарлардың қатысуын және өткізілуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және білім беруді басқару органдарының білім мәселелері жөніндегі қаулылары мен шешімдерін; МЖМБС, білім беру ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын; білім беру ұйымдарын аккредиттеу мен рейтингін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі талаптарды; еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG) жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен нұсқаулықтарды; білім беру ұйымдарының, аккредиттеу және рейтинг өткізу жөніндегі өкімдер, бұйрықтар; еңбек заңнамасының негіздері; еңбек тәртібінің қағидалары; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 ж. №1017 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
- 3х4 фото – 4 дана;
- барлық қажетті мәліметтер толық мазмұндалған өмірбаян;
- түйіндеме;
- білімі туралы дипломдардың қосымшасымен бірге көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- ғылыми дәреже, құрметті атақтар берілгені туралы аттестаттардың, дипломдардың көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- еңбек кітапшасы;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
- соттылығы жоқ туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар электронды жеке медициналық кітапша.
Осы тармақта көзделген қажетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, № 2 кабинет (персоналды басқару бөлімі).
Құжаттар 2025 жылдың 25 қазанынан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Анықтама телефоны: 8 /727/338-37-16.