Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі қызметі: негізгі орта (7-9-сыныптар мектеп-интернаты), техникалық және кәсіптік (колледж), жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және PhD докторантура) білім беру, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру (бұдан әрі – Білім беру) саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша өнер саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу және үйлестіру.
Орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.
Лауазым: жоспарлы-экономикалық бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:
Категория | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы (теңге) | |
– | бастап | дейін |
А 3-1 | 93617 | 114323 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (экономикалық) білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Негізгі функционалдық міндеттері:
- академияда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаруашылық қызметті ұтымды жоспарлауға бағытталған экономикалық жоспарлау жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады;
- шарттармен жасалған бөлімшелердің өтінімдеріне, сондай-ақ оларға негіздемелер мен есептеулерге сәйкес қызметтің барлық түрлері бойынша Академияның ағымдағы жоспарларының жобаларын дайындауды басқарады;
- академияның құрылымдық бөлімшелерінен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және жұмыстарды сатып алуға өтінімдердің берілуін бақылауды жүзеге асырады;
- бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің деректері негізінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражатты игеру жөніндегі қызметтің барлық түрлеріне экономикалық талдау жүргізуге және материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге басшылықты жүзеге асырады;
- қаражатты жұмсаудағы кемшіліктерді жою, оларды тиімді пайдалануды арттыру, үнемдеу режимін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
- Академияның профессор-оқытушылар құрамының, әкімшілік-басқарушылық, оқу-көмекші, қызмет көрсетуші және өзге де персоналының тарифтеу тізімін жасау бойынша басшылықты жүзеге асырады және персоналды басқару бөлімімен бірлесіп штат кестесін жасауға бюджет қаражаты бойынша да, бюджеттен тыс қаражат бойынша да қатысады;
- ЖОО, колледж және мектеп-интернаттың оқу бөлімдерімен бірлесіп “Білім туралы” Заңға, қаржы нормативтеріне, ЖББМЖМС, ЖООКББМЖМС және ТжКББМЖМС сәйкес профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесі бойынша ставкалардың (бірліктердің) есебін айқындайды;
- бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысымен бірлесіп колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларының оқу ақысының ай сайынғы мониторингін жүргізеді және қорытындысы бойынша білім алушылардың оқуы үшін бар берешегі туралы бас бухгалтерге баяндайды;
- штаттық тәртіптің сақталуын, лауазымдар мен кәсіптер атауының дұрыстығын, лауазымдық жалақының, үстемеақылардың, қосымша ақылардың дұрыс қолданылуын бақылауды жүзеге асырады;
- жыл сайын академия персоналының барлық санаттары бойынша штат кестелеріне заңнамада белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне, сондай-ақ Үкіметтің қаулыларымен, Жоғары тұрған ұйымның бұйрықтары мен өкімдерімен және басқа да нормативтік құжаттармен енгізілген басқа да өзгерістерге байланысты өзгерістер енгізеді;
- Академия персоналының барлық санаттары бойынша штат кестелерін уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсынады;
- кезекті жоспарлы жылға арналған бюджеттік өтінімді, сондай-ақ белгіленген мерзімдерде бағдарламалар бөлінісінде кейінгі жылдарға арналған перспективалық жоспарларды жасауға басшылық жасайды;
- жыл сайын ҚР Қаржы министрлігі қолдаған сомаларға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын, сондай-ақ оның иелігінде қалатын мемлекеттік мекеменің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден түсетін шығыстар мен ақша түсімдерінің жоспарын жасайды;
- ақылы қызметтердің білім беру бағдарламалары бойынша бір студентке, магистрантқа, колледж оқушыларына оқу құнының есебін жасау кезінде басшылықты жүзеге асырады және уәкілетті органға бекітуге ұсынады;
- біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімінің оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарының бір тыңдаушысының оқу құнының есебін жасау кезінде басшылықты, сондай-ақ ұсынылатын ақылы қызметтердің басқа түрлерінің құнын айқындауды жүзеге асырады;
- қаржы-экономикалық мәселелерге қатысты мәселелер бойынша жоғары тұрған ұйымдармен хат алмасуды жүргізеді;
- академия басшылығының және уәкілетті органның тапсырмасы бойынша қаржы-экономикалық мәселелер бойынша анықтамалар жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 ж. №1017 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
- 3х4 фото – 4 дана;
- барлық қажетті мәліметтер толық мазмұндалған өмірбаян;
- түйіндеме;
- білімі туралы дипломдардың қосымшасымен бірге көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- ғылыми дәреже, құрметті атақтар берілгені туралы аттестаттардың, дипломдардың көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- еңбек кітапшасы;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
- соттылығы жоқ туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке электродық медициналық кітапша.
Осы тармақта көзделген қажетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, № 2 кабинет (персоналды басқару бөлімі).
Құжаттар 2025 жылдың 03 казанынан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Анықтама телефоны: 8 /727/3383716