РММ профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды | TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS
kz ru en

TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS

Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan

  • About Us
    • Management
    • Services and departments
    • Faculties
    • Academic Council
    • Educational and Methodological Council
    • Contacts
  • Academy
    • Documents
    • Job openings
    • Educational process
    • Күміс университеті
    • Creative works
    • Educational Theater
    • Department of Professional Development and Continuing Education
  • Students
    • Schedule for the 2026–2027 Academic Year
    • Payment information
    • Academic calendar
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Academic mobility
    • Psychological service
    • Requisites
    • Cinema Club”shaken”
  • Applicants
    • Bachelor’s degree
    • Master’s degree
    • Doctoral studies (PhD)
    • Open Day
  • The science
    • Scientific Personnel Training Department
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Dissertation Council of KazNAI
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті

TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS

kz ru en

Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan

TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS

  • About Us
    • Management
    • Services and departments
    • Faculties
    • Academic Council
    • Educational and Methodological Council
    • Contacts
  • Academy
    • Documents
    • Job openings
    • Educational process
    • Күміс университеті
    • Creative works
    • Educational Theater
    • Department of Professional Development and Continuing Education
  • Students
    • Schedule for the 2026–2027 Academic Year
    • Payment information
    • Academic calendar
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Academic mobility
    • Psychological service
    • Requisites
    • Cinema Club”shaken”
  • Applicants
    • Bachelor’s degree
    • Master’s degree
    • Doctoral studies (PhD)
    • Open Day
  • The science
    • Scientific Personnel Training Department
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Dissertation Council of KazNAI
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті
8 727 272 97 72
(Admission Office)
kaznai@art-oner.kz
127 Panfilov St., Almaty, Kazakhstan
Home Вакансиялар РММ профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды
РММ профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

10/09/2026

Вакансиялар

РММ профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Сән және костюм дизайны––––1 (сурет, кескіндеме) өнертану магистрі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МАМ «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.


Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. – Кафедра меңгерушісінде жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. – Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы және профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы немесе профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. – Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі немесе қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. – Аға оқытушыда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, дәріс оқуға үміткер тұлғалар үшін оқытушы лауазымында кемінде 3 жыл, ал семинарлар өткізумен айналысатын тұлғалар үшін кемінде 5 жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі және/немесе ғылыми дәрежесінің болуы тиіс. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. – Оқытушыда кафедраның бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 3 жыл өтілі болған кезде жоғары білімінің болуы және / немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедра/білім беру бағдарламасының бейініне (оқытылатын пәнге) сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.


Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар Академия ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  1. 1) конкурсқа қатысушы өзі толтырған, тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефондарын (үй, жұмыс, ұялы телефондары) және электронды мекенжайын көрсеткен кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (фотосуретімен).
  2. – Жеке парақтағы еңбек қызметі жайындағы ақпарат конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатқа сәйкес толтырылады. Конкурсқа қатысушының жеке парағында көрсетілген еңбек қызметі конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатпен сәйкес келмейтін болса, онда құжатта келтірілген ақпараттар ескерілетін болады;
  3. 2) өмірбаян;
  4. 3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. 4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және соңғы 3 (үш) жылдағы салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. 5) конкурсқа қатысушының соңғы жасаған жұмыс орнының уәкілетті тұлғасының қолымен және ұйымның мөрімен расталған (болған жағдайда), Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 – қосымшаға (бұдан әрі мәтін бойынша – №2 – қосымша) сәйкес толтырылған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі;
  7. 6) мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
  8. 7) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар электрондық жеке медициналық кітапша;
  9. 8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  10. 9) қоса атқарушылар үшін негізгі жұмыс орнынан анықтама;
  11. 10) еңбек кітапшасы;
  12. 11) кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер кандидаттар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
  13. 12) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
  14. 13) соттылығы жоқ туралы анықтама;
  15. 14) конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  16. 15) конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  17. 16) оқу-әдістемелік құжаттама (хабарландыруда көрсетілген пәндерге сәйкес силлабус).

Академияда жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. 1) кафедра меңгерушісі қол қойған мінездеме;
  2. 2) Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 қосымшаға сәйкес жасалған, кафедра меңгерушісінің қолымен расталған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстардың тізімі (бұдан әрі мәтін бойынша – № 2 қосымша);
  3. 3) кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер кандидаттар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
  4. 4) соттылығы жоқ туралы анықтама;
  5. 5) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
  6. 6) конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  7. 7) конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  8. 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті;
  9. 9) барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құжаттама (оқытушының ағымдағы және алдағы оқу жылына арналған жеке жоспары бойынша сағаттарды орналастыруға сәйкес ПОӘК және силлабус).

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамада  ұсынылғанда немесе өтініштерді беру мерзімін бұзу жағдайларында тұлғасының құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет (персоналды басқару бөлімі).

Құжаттар 2026 жылдың 19 қыркүйегіне дейін өткізілуі керек.

Анықтама телефоны: 8 /727/338-37-16.

Search

Announcements

Announcement

07.09.2026

Announcement

2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданған 1-курс докторанттар тізімі

25.08.2026

2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданған 1-курс докторанттар тізімі

2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданған 1-курс магистранттарының тізімі

24.08.2026

2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданған 1-курс магистранттарының тізімі

2026-2027 оқу жылы бойынша оқуға бюджеттік негізде қабылданған студенттер тізімі

18.08.2026

2026-2027 оқу жылы бойынша оқуға бюджеттік негізде қабылданған студенттер тізімі

  • Ministry of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan
  • Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan
  • About the “Таза Парақтан” Regulation Project
  • Strategic Plan of the Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan for 2020-2024

Categories

  • Вакансиялар
  • News
  • Announces

Our Social Networks

Admission Committee

Bachelor’s:

8 (727) 272-46-74

Master’s:

8 (727) 338-20-31

Welcome to the official website of the academy! We strive for transparency, inclusivity, and making a positive impact on society. Your support and involvement are very important to us.

Academy

Documents

Email:

kaznai@art-oner.kz

Rector’s Office:

8 (727) 338-35-55

Press Office:

8 (727) 272-46-74

© 2025 TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS.

Сделано в Alteman