30 сәуір күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жоспарлы сейсможаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында азаматтық қорғаныс, қауіпсіздік шаралары, ықтимал қауіп-қатерлер туралы мәліметтер беріліп, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әрекет ету және олардың салдарынан қорғану жолдары түсіндірілді.
Жаттығудың келесі кезеңі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тәжірибелік іс-шаралармен жалғасты.

