2025 жылғы 18 тамыз күні Алматыда Шекарашылар күніне арналған ерекше форматта мерекелік концерт өтті. Көктөбе төрінде ұйымдастырылған мәдени іс-шарада танымал өнер өкілдерімен қатар, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының Театр өнері факультетінің студенттері де өнер көрсетті. Шекара қызметінің 33 жылдық мерекесіне арналған бұл концертте жұртшылық тамсана тыңдаған әндерді Академия студенттері өнерлі шекарашылармен бірге орындады.
Осыған орай бүгін, 4 қыркүйек күні, Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай ауданы шекара басқармасының өкілдері арнайы Жүргенов академиясына келіп, оқу орнының басшылығына, факультет ұстаздары мен студенттеріне алғысын білдірді.

