• 29.03.2024

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ ОТАНЫ»

Авторkaznai

Dec 9, 2021

“ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР” КАФЕДРАСЫ «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ ОТАНЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

Өткізілген іс-шара бойынша бейне:

https://drive.google.com/drive/folders/11E3HnNLKyMZozvgpMEYtOY1eGCTntDCC?usp=sharing

Форум бағдарламасы:

https://docs.google.com/document/d/1aW75N2RbIrdTvkxqIXysHminGA9uss32/edit?usp=sharing&ouid=104383406054478546248&rtpof=true&sd=true

Өткізілген халықаралық форум туралы бейнеролик:

https://drive.google.com/drive/folders/11E3HnNLKyMZozvgpMEYtOY1eGCTntDCC?usp=sharing

Мордовия Республикасы Үкіметінің жанындағы гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының сайтындағы ақпарат:

http://www.niign.ru/novosti/mezhdunarodnyij-forum-nezavisimyij-kazaxstan

2021 жылы 07 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәуелсіз Қазақстан-бірлік пен татулықтың Отаны» Халықаралық Форумы өтті.

Бағдарламасы

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:

Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар; Достық үйінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты; ҚХА мүшелері, ҚХА ҰСК мүшелері, ҚХА ҒСТ мүшелері, ЭМБ төрағалары және мүшелері, «Шаңырақ» ҚХА кафедраларының қауымдастығы РҚБ, жақын және алыс шетелден келген қонақтар, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері.

ФОРУМНЫҢ МАҚСАТЫ:

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылында, мемлекетке өзінің асқақ есімін берген қазақ халқының алдында жаңа тарихи жағдайларда ұлтты біріктірудің ұйыстырушы орталығы болудың жаңа тарихи миссиясы тұрғанын көрсету. Стратегиялық басымдығы барлық азаматтар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға негізделген ұлттық бірлікке қол жеткізу болып табылатын республикада тұратын барлық этностардың еркін дамуын қамтамасыз ететін этносаралық келісім моделінің бірегейлігін растау. Әрбір қазақстандық үшін ең бастысы – елде бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау, жастардың бойында азаматтық-патриоттық және рухани құндылықтарды тәрбиелеу екенін тағы да атап өту.

Форумға алыс және жақын шетелдерден құрметті қонақтар қатысты:

  • Түркия (Измир),
  • Ресей Федерациясы (Мәскеу),
  • Әзірбайжан (Баку),
  • Республика Мордовия (Саранск),
  • Ингушетия Республикасы (Магас),
  • Кабардино-Балкария (Нальчик),
  • Ставрополь өлкесі (Пятигорск),
  • Шешен Республикасы (Грозный)
МОДЕРАТОР: профессор ШАЙМЕРДЕНОВА Мендыганым Джамалбековна

Форум Т.Жүргенов ат.ҚазҰӨА кітапханасының жетекшісі ТУТИБАЕВА Эльмира Аблекимовна дайындаған «Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушылар құрамының Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» атты онлайн тақырыптық көрмемен ашылды.

Форумның қатысушыларына Академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы Халықов Қабыл Заманбекұлы алғы сөз сөйледі.

Форум қатысушыларына құттықтау сөздерін:

  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, профессор АЛИМЖАНОВА Алия Шарабековна
  • Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесі төрағасының орынбасары АБДУГАНИЕВ Назиржон Насибжонович (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы)
  • Әзірбайжан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры МАМЕДОВ Фуад Тейюб оглу (Баку қ., Әзірбайжан)
  • Мордовия Республикасы Үкіметінің жанындағы гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры КУРШЕВА Галина Александровна (Саранск қ., Мордовия Республикасы)
  • Пятигорск мемлекеттік университетінің профессоры БОТАШЕВА Асият Казиевна (Пятигорск қ., Ставрополь өлкесі) жолдады.

Форум спикерлері:

  • ӨНЕР Мустафа – филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы, қыпшақтанушы ғалым. Эгей университеті («ЭГЕ» университеті), әдебиет факультеті, түрік тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және ұлттық сана мәселесі» («Независимость Республики Казахстан и проблема национального самосознания»)

  • МАМЕДОВ Фуад Тейюб оглу – тарих ғылымдарының докторы, РЖҒА және халықаралық жаһандық зерттеулер академиясының академигі, мәдениеттанушы, Әзірбайжан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, «Симург» Әзірбайжан мәдениеті қауымдастығының президенті

Тақырыбы: «Культурология и формирование высококультурного человека»

  • ШАЙМЕРДЕНОВА Нурсулу Жамалбековна – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА мүшесі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

Тақырыбы: «Культурная и этноязыковая парадигма современного Казахстана в контексте научно-исследовательских проектов»

Форум қонақтары үшін 1 курс магистранттары музыкалық композиция дайындады:

1). Баяндама:

Жумагалиева Амина «Мәңгілік ел – бір ел бір тағдыр» «Музыкалық өнер» факультетінің 1 курс студенті.

2). Музыкалық композиция:

  • композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» («Мудрость предков») қазақ ұлттық музыкалық аспаптары. Орындаушылар: домбыра – Баяндин Акжол, жетыген – Жармухаметова Жайна, кобыз – Уринбаева Шолпан);
  • композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» («Птицы возвращаются»). Орындаушы: АХАТОВ Аян
Приемная комиссия