2025 жылғы 12–17 мамыр аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сыртқы сарапшылар тобы екі кезеңдік бағдарламалық аккредиттеу рәсімін жүргізді.

Атқарылған жұмыс барысында сарапшылар академия ұсынатын білім беру бағдарламаларын жан-жақты талдап, профессорлық-оқытушылық құраммен, білім алушылармен, әкімшілік қызметкерлермен, жұмыс берушілермен және түлектермен бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен қатар, академияның материалдық-техникалық базасына, басқару және академиялық үдерістерді ұйымдастыру деңгейіне кешенді талдау жасалды.

Бағдарламалық аккредиттеуден табысты өту – білім беру сапасының жоғары деңгейін, халықаралық стандарттарға сәйкестігін және академияның шығармашылық әрі ғылыми әлеуетінің тұрақты даму жолында екендігін дәлелдейтін маңызды көрсеткіш болып табылады.

Академия ұжымы бірлескен кәсіби жұмыс нәтижесінде қол жеткізілген бұл жетістікке зор маңыз береді. Сондай-ақ білім алушылардың, серіктес ұйымдар мен әлеуметтік әріптестердің көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы дәстүрге құрметпен қарай отырып, үздіксіз даму мен жаңашылдыққа негізделген болашаққа нық қадам басуда.