Академия кітапханасында «Сыр бойы жыраулық өнерінің бастаулары» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап авторы Ұлжан Байбосынова.
Бұл еңбек қазақтың жыраулық өнерінің тарихи бастаулары, дамуы және ірі өкілдерінің шығармашылығы туралы маңызды зерттеулер мен мақалалар жинағын қамтиды. Кітап қазақ халқының мәдени мұрасы мен рухани тарихын тереңірек тануға арналған құнды дереккөзі ретінде танылды. Іс-шара барысында жыр өнерінің маңыздылығы, оны дәріптеу және болашақ ұрпаққа жеткізудің қажеттілігі туралы ойлар ортаға салынды.
«Сыр бойы жыраулық өнерінің бастаулары» кітабы ұлттық өнерге қызығушылық танытатын барша оқырман үшін маңызды еңбек болып табылады.