“Үздік басылым – 2022” конкурсының жеңімпаздары
«Ең үздік оқу басылымдары (монография, оқулық, оқу құралы) және Web of Science, Thomson Reuters, Scopus дәйеккөз келтірудің халықаралық базаларына кіретін нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарындағы ең үздік жарияланымдар» Конкурсының 07.11.2022 жылғы № 01/04-235П ректордың бұйрығымен бекітілген комиссия отырысының қорытындысы бойынша, академияның ПОҚ-нан келесі жеңімпаздар анықталды:
«Монография» номинациясы:
1. Г. Б. Абильдина – «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының профессоры. Монография – «Камал Смаиловтың тұлғалық сипаты және оның шығармашылығындағы сана ашықтығы».
2. О. К. Хожамбердиев – «Сахна тілі» кафедрасының доценті, PhD. Монография – «Замануи қазақ театр мектебіндегі сахна тілі».
«Оқу құралы» номинациясы:
- С. Д. Қосназарова – «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы. Оқу құралы – «Кәсіби қазақ тілі»
«Оқу- әдістемелік құралы» номинациясы
1. М. Е. Жангужинова – «Сценография» кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD. Оқу-әдістемелік құралы – «Цветоведение».
2022 жылы Web of Science және Scopus дерекқорларындағы жарияланымдар конкурсқа жіберілмеді.
Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға ғылыми табыстар тілейміз!