• 22.12.2024

“Визуалды симфония”

Авторkaznai

Feb 8, 2024

“Визуалды симфония” көрмесі Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның үш факультеті студенттерінің шығармашылық ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады, онда сән- костюм дизайны, визаж шеберлігі мен операторлық өнер біріккен.
Көрменің әр жұмысы-үш көзқарастың қиылысу нүктесі, көркемдік бейненің объективі арқылы сәнге көрнекі зерттеу.
Әрбір костюм үлгісі – пішіні, материалы және құрылымы бар эксперимент, әрбір макияж – жаңа көрініс жасау, әрбір кадр-жаңа бұрыштарды, жарық пен көлеңке ойынының жаңа қырларын іздеу.
Көрмеге қойылған әрбір фотосурет-жас және талантты суретшілер бірлесіп жасаған визуалды симфониясы!

Жоба авторлары:

  • * “Операторлық өнер” ББ 3 курс студенттері;
  • * “Сән және костюм дизайны” ББ 4 курс студенттері;
  • * “Театр, кино және ТД гримі” ББ 3 курс студенттері.

Жоба жетекшілері:

  • * Қосай Ренат Қадырович, “Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер” кафедрасының доценті;
  • * Ибраева Айгуль Бахытовна,”Сән және костюм дизайны” кафедрасының доценті;
  • * Бекибаева Гульнар Джамбуловна ,”Сән және костюм дизайны” кафедрасының доценті;
  • * Жұмағалиев Муслим Садықұлы,”Сән және костюм дизайны” кафедрасының доценті;
  • * Ашинов Рауан Бауыржанұлы, “Сценография” кафедрасының аға оқытушысы.

Көрме 2024 жылдың 12-20 ақпан аралығында Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА фойесінде өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия