Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 80 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Жалғыз арша» дәстүрлі әншілер байқауында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті жүлделі орынға ие болды. Ән байқауына еліміздің әр өңірінен іріктелген 36 жас орындаушы қатысқан. Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының 4-курс студенті Аружан Сағындық ауқымды өнер бәсекесінде өз шеберлігімен көзге түсіп, ІІІ орынды еншіледі.
Бұл ұстаз бен шәкірттің ұзақ жылғы жұмыстарының нәтижесі, марапаты деп қабылдау керек. Дәстүрлі ән өнерінің биік болмысын паш етіп, сахна төрінде ұлттық музыканың мәртебесін асқақтатқан студентімізге шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз.







