• 21.11.2024

Жатақхана кеші көңілді

Авторkaznai

Mar 29, 2022

Т.Қ. Жүргенов атындағы «Қазақ Ұлттық өнер академиясының» жатақхана қабырғасында 2022 жылдың 14 наурызында «Психология – ғажайып ғылым» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты жатақхана тұрғындарына жақсы көңіл – күй сыйлау, жастардың өзара қарым – қатынас жасауына жағдай жасау, достық байланыс орнату. Өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.

Кеш барысында танымдық сұрақтар қойылып, ойындар ұйымдастырылды

Кездесу кешінің міндеті

  • студенттердің психологиялық денсаулығын қолдау және нығайту
  •  оқу және толық әлеуметтену үшін жайлы психологиялық-әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау болып табылады.

Кездесу барысында жатақхана студенттеріне академия қабырғасында психологиялық қызметінің жұмыс жасау барысымен, психологиялық қызметі ережесімен, мақсат және міндеті мен психологиялық қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырылды.

Кездесу кешіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылжәне жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметтің басшысы Әнуар Әскербек мырза, әлеуметтік- тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегібөлімінің басшысы Сағынаев Нұрлан мырза қатысты.

Кездесу барысында студенттермен бірнеше ойын түрінде жаттығуларжүргізілді.

Психолог адам жанының елшісі, сырласы, қоршаған ортасында жақсы ахуал туғызып, күйзеліске ұшыраған адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол көрсетіп тұрады. Қазақта «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады.

Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды. Адам өмірі, оның ішкі жан дүниесінің әсемділігі, адам психологиясының қалыптасуы, адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі ең алдымен білімнің даму деңгейіне байланысты. Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай – ақ білімге ұмтылған әр студенттің ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден – бір ықпалын тигізіп, оларды өмірге психологиялық жағынан дайындайтын психолог мамандары. Бұның өзі психолог жұмысы бүгінгі таңда мектепке, балабақшада, жоғары оқу орындарында болсын балаға, мұғалімге, ата – аналар үшін қажет екендігінің дәлелі.

Приемная комиссия