• 26.12.2024

«Кеңістік пен форма: Өнеркәсіптік киім дизайнындағы сызықтық эстетика» атты шығармашылық мерейтойлық көрмесі ашылды

Авторkaznai

Apr 24, 2024

2024 жылдың 22-ші сәуір күні сағат  11.00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының фойесінде «Хореография» факультетінің қолдауымен «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің  «Сән және костюм дизайны» кафедрасының доценті,  Қазақстан Республикасының дизайнерлер Одағының мүшесі, қазақстандық «МАНЕРА» брендінің арт-директоры Бекибаева Гүлнардың «Кеңістік пен форма: Өнеркәсіптік киім дизайнындағы сызықтық эстетика» атты    шығармашылық мерейтойлық көрмесі ашылды.

Көрменің ашылу салтанатында Бекибаева Гүлнардың авторлық эскиздері бойынша өндірілген киім топтамасы көрсетілді.

Көрмеде көрермен назарына Бекибаева Г.Ж.-ның дизайнерлік эскиздері, киім үлгілері топтамаларының фотосуреттері және де кафедра түлектері жұмыстарының фотосуреттері ұсынылады.

                Көрме факультет деканы Б.Н.Байділда мен «Сән және костюм дизайны» кафедрасының меңгерушісі М.С.Жұмағалиевтің құттықтау сөзімен және Бекибаева Гульнар Джамбуловнаның білім беру саласындағы еңбегі мен  жоғары кәсіби шеберлігі үшін академия ректоры А.Жүдебаев атынан берілген «Алғыс хат»-ты табыстаумен ашылды.

               Көрменің ашылуында сөз сөйлегендер: өнертанушы Нурдубаева А.Р. Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның жобаларды басқару тобының Оқу-әдістемелік бірлестіктің Ғылыми хатшысы Ғизатова Г.Б., Алматы мемлекеттік сервис және технологиялық колледжінің өкілі Керимбаева Ж.У., көрме ашылуына арнайы келген кафедраның әр жылдарда бітіріп кеткен түлектері – Бекибаева Г.Д.-ның оқушылары.

                Көрермендер сырт киімнің эксклюзивті топтамасымен, дизайнердің еңбек жолының әртүрлі кезеңдерінде   өндіріске енгізілген пальто үлгілерінің қолмен салған нақты эскиздерімен танысты. Автор шығыны аз құралдарды іздестіруге қатты көңіл бөлген, түсті бояулар мен кенеп орнына қарапайым қалыптарды, сызықтардың  бірқалыптылығын, бөлшектердің айқындығын, функционалдығын; маталар пластикасын қолданған.  

                Көрмеде дизайнер топтамаларының каталогтары, журналдары, открыткалары және түрлі халықаралық көрмелердің  (Шығыс Еуропа CPM-Collection Premiere, ITMA, Барселона, Испания, Premiere Vision Paris, Fashion Prime, Измир, Турция,Milano Unica, Милан, Италия және т.б.) қатысушысы болғанын растайтын бейджиктері қойылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия