• 26.04.2024

Психологиялық қызметі

Құрметті сайт қонақтары мен пайдаланушылары!

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының қабырғасында психологиялық қызметі қалыптасып, өз жұмысын бастады.

Психологиялық қызмет Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Психологиялық қызметі білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек көрсетеді. Психологиялық мәдениеттің өсуін қамтамасыз ету кездесулер, әңгімелесу және тренингтер түрінде жүзеге асырылады.


Психологиялық қызметінің мақсаты

  • Студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына көмектесу
  • Психологиялық мәдениетті қалыптастыру
  • Оқу-тәрбиелеу үдерісін психологиялық қамтамасыз ету
  • Жоғары жеке тиімділікке қол жеткізу

Психологиялық қызметінің міндеттері

  • Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру;
  • Білім алушылар бойындағы кәсіби іс-әрекет мотивациясын дамыту;
  • Өзіндік реттеу дағдыларын қалыптастыру;
  • Білім алушыларға мәселені шешуде психологиялық қолдау көрсету;
  • Қарым-қатынас құзыреттілігін дамыту;

Психологиялық қызметтің бағыттары

  • Психодиагностика
  • Психологиялық ағарту
  • Психологиялық алдын-алу жұмыстары
  • Психологиялық кеңес беру
  • Түзету-дамыту жұмыстары

Психологиялық қызметі есігі сіздерге әрдайым ашық.

Психолог Ишанханқызы Ақерке

б/тел: 8-7789432528, 30 кабинет

zhurgenov.life@mail.ru

Instagram: zhurgenov.life

Приемная комиссия