• Tue. Oct 26th, 2021

Кітапхана тарихы

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Кітапханасы  – оқу-тәрбие үдерісін оқытудың барлық бағыттары мен деңгейлері бойынша кәсіби әдебиетпен қамтамасыз ететін академияның маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кітапхана интеллектуалды және рухани білімді тарату орталығы болып табылады, жастардың заманауи қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады, материалды ғылыми іздеу дағдыларын қалыптастырады.

Академия кітапханасы 1978 жылы (Алматы Мемлекеттік Театр Көркемсурет Институты)  ашылуымен құрылған. Ашылған жылдарынан бастап оқу бағыттары бойынша арнайы әдебиеттер жинау басталды.

Бүгінгі таңда кітапхана қоры көпсалалы болып табылады. Білім алушыларды дайындау ерекшелігі бойынша құрылған және жоғары мектеп талаптарына сәйкес келеді. Әдебиет, өнер, мәдениет, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық, гуманитарлық, саяси және экономикалық салаларға арналған теориялық дереккөздер; ноталық материалдар, көркем-драмалық шығармалардың мәтіндері КБЖ (кітапханалық-библиографиялық жіктеу), ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу) бойынша бөлінеді. Әдеби шығармалар қазақ, орыс және шет тілдерінде ұсынылады. Студенттер мен магистранттардың, докторанттардың оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кітапхана білім алушылар үшін қолжетімді мәдениет, өнер саласындағы мерзімді басылымдарға жазылуды жүйелі түрде рәсімдейді.