2021 жылы 3 қыркүйекте «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында сабақтар өткізді. Тіл – ұлттық бірегейліктің факторы екендігіне ерекше назар аударылды; бұл мереке Ұлы Даланың көпұлтты мәдениетін сақтауға және Қазақстан халқының бірлігін нығайуға үлес қосады. Сабақтар аталмыш мерекенің тарихын; тәуелсіз Қазақстанның тіл саясатын дамытудағы басты белестерін; көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық қызметін қамтыды. Сабақтарда ұсынылған мұрағаттық және бейнематериалдар студенттердің қызығушылығын оятты.
«Тіл – халықтың жаны»
![](http://kaznai.kz/wp-content/uploads/2021/09/1-WhatsApp-Image-2021-09-03-at-10.02.32.jpeg)