• 29.11.2021

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

Авторkaznai

Oct 26, 2021

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 22 қазан 2021 жыл

«Барша отандастарыма, әсіресе, жастарға айтарым: кең байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жоспарларыңды емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар! Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін».

Қазақстан Республикасының Президент Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы 2021 жылдың 22 қазанында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы «Біз – Тәуелсіз Қазақстанның жастары!» Республикалық студенттік форумын өткізді.

Форумға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 11 команда қатысты. Олар:


Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU),

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ),

Қазақ-Неміс университеті (ҚНУ),

Алматы технологиялық университетінен (АТУ) екі команда,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен (Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна-Қазақстан институты) екі команда,

Сәтбаев университеті және Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА). 

Форум 3 алаңда  өтті:

1. Шығармашылық алаң:

  • 1. «Мен армандаған мемлекет!» тақырыбына ойтолғау байқауы
  • «Менің Қазақстаным» көркемсөз байқауы.

Әділқазылар алқасы: Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы Т.А. Меркібаев,  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары: фил.ғ.к. К.Н.Шота, доцент м.а., доктор (PhD) Г.А.Амангелдиева.                   

Барлығы 11 ойтолғау жіберілді. Жазылған ойтолғау жұмысарының барлығы антиплагиатқа тексерілді.

1 орын – Сулейменова Аида (AlmaU);

2 орын – Табылдиева Бота (Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА);

3 орын – Асубай Айгерім (АТУ).

«Менің Қазақстаным» көркемсөз сайысы;

1 орын – Оразалы Бағдат (AlmaU);

2 орын – Табылдиева Бота (Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА);

3 орын – Орумбасар Самат (АТУ).

Сонымен қатар,  студенттер арнайы номинацияларда да марапатталды:

«Ең креативті» номинациясы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ тобы;

 «Жоғары көркемдік деңгей» – Сорбонна-Қазақстан Институтының тобы;

«Орындаушылық шеберлік» –  Т.Қ. Жүргенов атындағы КазҰӨА

«Жүзден жүйрік» тобы марапатталды.

  • Зияткерлік викторина алаңы.  «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: тарихы мен жетістіктері» атты викторинасы.

Викторинада қатысушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылды. Сұрақтар еліміздің 1991 жылдан 2021 жылға дейінгі тарихын, мемлекетіміздің саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі және спорттағы жетістіктерін ашты. Викторина қатысушылары өз елінің тарихына деген қызығушылықтары арқылы дайындықтарын көрсетті.

Викторинада үздік нәтижелерді келесі қатысушылар көрсетті:

  •  Элтай Жібек (АlmaU),
  • Мусабекова Аружан (Т.Қ. Жүргенов атын. ҚазҰӨА),
  • Досжанова Аяулым (Д. Серікбаев атын. ШҚТУ), 
  • Ахмер Арслан (ҚНУ),
  • Күзенбай Маңғыстау (Абай атын. ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институты).

Викторинаның барлық қатысушылары белсенді қатысқаны үшін дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

  •  «Atameken StartUP: Дала рухының жаңғырығы» бизнес-жобалар алаңы.

Қатысушылар 11 қызықты бизнес-жоба ұсынды. 

Байқау нәтижелері:

Гран-при – Satbayev University командасы «Торсық» StartUP жобасы;

1 орын   АТУ командасы «Биокумыс StartUP жобасы»;

2 орын АlmaU командасы  «Шоколад. Балалар дәмханасы» StartUP жобасы;

3 орын Абай атындағы ҚазҰУ командасы «Зияткерлік ойын: «Independence party» StartUP жобасы.

Қатысқан, бірақ орын ала алмаған командалар номинациялар бойынша марапатталды.

«Біз – Тәуелсіз Қазақстанның жастарымыз!» Республикалық студенттер форумының қорытындысы.

Командалық жарыста барлық үш алаң жұмыстарының қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

Гран-при – АlmaU командасы,

Бірінші орын –Т.Қ. Жүргенов атын. ҚазҰӨА командасы,

Екінші орын –Д. Серікбаев атын. ШҚТУ мен АТУ командалары,

Үшінші орын –Абай атын. ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институты командасы.

 Жеңімпаздарды құттықтаймыз! «Біз – Тәуелсіз Қазақстанның жастарымыз!» атты Республикалық студенттер форумына қатысушыларына Қазақстанның мәдени, экономикалық және зияткерлік өркендеуіне лайықты үлес қосады деген сенім артамыз.

Қатысушылар Республикалық студенттер форумын ұйымдастырғанТ.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшылығына, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына үлкен ризашылықтарын білдірді.