2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне екіжақты келісімдер бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Құжаттар 2025 жылдың 3-21 ақпан аралығында қабылданады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
Іріктеу кезеңі – үміткерлер құжаттарды тапсырады.
Финалдық кезең – қабылдаушы ЖОО студенттерді іріктейді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Өтініш (үлгісін 9-кабинеттен алуға болады).
- Транскрипт (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).
- Мотивациялық хат.
- Ұсыныс хат (шебердің/басшының/куратордың және факультет деканының қолымен куәландырылған (қазақ немесе орыс тілдерінде);
- Тілдік сертификаттар:
- IELTS 5.5 (немесе жоғары);
- Неміс тілі – B2 (немесе жоғары);
- Корей тілі – TOPIC 3 (немесе жоғары).
- IELTS 5.5 және одан жоғары сертификаты бар студенттер ауызша сұхбаттан босатылады.
Маңызды: Бітіруші курс студенттерінің құжаттары қабылданбайды.
Конкурстың нәтижелері Академияның ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Қосымша ақпарат алу үшін 9-кабинетке (бас корпус) хабарласуға болады.
Байланыс: +7 (727) 261 15 72
kaznaa@bk.ru