Медиажурналистика мамандығының 4-курс студенті Амангелді Толғанай Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған республикалық және халықаралық байқауларда екі бірдей марапатқа ие болып, жеңімпаз атанды.
- «Қазақстанның үздік студенті» республикалық байқауында ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін І дәрежелі дипломмен, «Қазақстанның үздік студенті» төсбелгісімен марапатталды.
- «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауында көшбасшылық пен белсенділік танытып, жастар саясатын дамытуға қосқан зор үлесі үшін І дәрежелі дипломмен, «Түркі халықтарының үздік студенті» төсбелгісімен марапатталды.
Академия ұжымы жеңімпазымызды шын жүректен құттықтап, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілейді!


