• 22.12.2024

Құрметті студенттер!

Авторkaznai

Sep 17, 2021

         2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне екі жақты келісімдер бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау ашылғанын хабарлаймыз.  

         Құжаттар 2021 жылдың  01 қазанына дейін қабылданады. 1-4-курс студенттері (БІТІРУШІ КУРСТАР ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ) қатыса алады. Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финал.

          Конкурсқа қатысу үшін (I кезең) үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1. Өтініш (еркін түрде);

2. Тіркеуші кеңсенің шығарған 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) транскрипт (5 каб., Бас ғимарат);

3. Мотивациялық хат (қазақ немесе орыс тілдерінде);

4. Ұсыныс хаты (қазақ немесе орыс тілдерінде кафедра меңгерушісінің / куратордың қолымен куәландырылған / П.С., факультет деканының қолы міндетті түрде) *;

5. Халықаралық IELTS сертификаты минимум 5.5; В2 деңгейінен төмен емес неміс тілі сертификаты; TOPIC 3 деңгейінен төмен емес кәріс тілі сертификаты.

  Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі 2021 жылдың 04-08 қазан аралығында жеке сұхбат ZOOM платформасында онлайн режимде өтеді, сондай-ақ сұхбатқа сілтеме және конкурстық іріктеу кестесі қосымша беріледі.

         Конкурс кезеңінің нәтижелері туралы ақпарат Академия сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

         Конкурстық іріктеудің екінші кезеңі (қорытынды кезең) қабылдаушы оқу орынында 2021 жылдың қараша айының соңына дейін өтеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің оқуы туралы түпкілікті шешім қабылдаушы оқу орнының басшылығының шешімімен болады (құжаттардың негізгі пакеті екі кезеңнің нәтижелеріне негізделеді).

         Жоғарыда көрсетілген құжаттарды kaznaa@bk.ru электрондық поштасына жіберулеріңізді және қосымша ақпарат алу үшін сыртқы байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз (бас ғимарат, 9-кеңсе). Тел.: 8727 261 15 72, email: kaznaa@bk.ru

Сыртқы байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімі

Приемная комиссия